Семейде UEFA Playmakers бағдарламасы бойынша семинар өтті
Бұл жолғы оқу-жаттығу жиынына «Елімай» футбол академиясының жаттықтырушыларымен қатар, жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері және болашақта жаттықтырушылық қызметпен айналысуды жоспарлап жүрген кәсіби футболшылар қатысты.
Бағдарлама барысында қатысушылар UEFA Playmakers әдістемесінің негізгі қағидаларымен танысып, теориялық және тәжірибелік сабақтардан өтті. Семинардың басты мақсаты 5-12 жас аралығындағы қыздарды футболға тартудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, ойын арқылы оқыту әдістерін дамыту болды.
UEFA Playmakers бағдарламасы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және футболға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Сабақтарда Disney кейіпкерлеріне негізделген арнайы әдістеме қолданылатынын атап өткен жөн.