Астанада UEFA А курсының алғашқы модулі аяқталды
17 шілде 2026, 16:53
Бағдарлама аясында тыңдаушылар шабуылды бастау және дамыту, шабуылдан қорғанысқа ауысу, жаттығу құрылымы мен оқу-жаттығу процесін талдау сияқты негізгі бағыттар бойынша теориялық және практикалық сабақтарға қатысты.
Алғашқы модуль аяқталғаннан кейін қатысушылар модульаралық жұмыс және практикалық тапсырмаларды орындау шеңберінде оқуын ары қарай жалғастырады.
UEFA А курсын іске асыру – ҚФФ жаттықтырушылық білім беру жүйесін стратегиялық дамытудың бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама Қазақстанның академияларында, кәсіби клубтарында және жасөспірімдер құрама командаларында жұмыс істейтін жаттықтырушыларды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Жаңалықтар
17 шіл., 11:49
16 шіл., 11:52
15 шіл., 17:30