Петропавлда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтуде

Петропавлда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтуде

21 шілде 2026, 14:11
Петропавлда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтуде
Петропавл қаласында облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жасөспірімдер құрама командалары (2011 жылы туған ойыншылар) арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарыс 19-30 шілде аралығында өтеді. Үздік атану үшін 8 команда бақ сынасуда: Астана, СҚО, Павлодар, Жамбыл, Алматы, Атырау, Қостанай және Түркістан облыстары.

Турнир өңірлердегі бұқаралық әрі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және болашағынан үміт күттіретін жас ойыншыларды анықтауға бағытталған.

Бөлісу
Жоғары