ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатына қатысады
22 шілде 2026, 15:40
Әлем чемпионаты 2026 жылдың 15-24 тамызы аралығында ұйымдастырылады. Жарысты Халықаралық ЦП-футбол федерациясы өткізеді.
Бұл – ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін үлкен тарихи белес. Команда алғаш рет әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Бұл жарыс ойыншыларға халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік береді.
Әлем чемпионатына аттанар алдында ЦП-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Дайындық барысында бапкерлер штабы командамен соңғы пысықтау жұмыстарын жүргізіп, әлемдік додаға жан-жақты әзірленеді.
Жаңалықтар
20 шіл., 12:34