Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролига матчтарына дайындығын бастады
Жиын барысында бапкерлер штабы команданы алдағы топтық кезең ойындарына дайындауда. Еуролиганың А дивизионында Қазақстан құрамасы А тобында Молдова, Италия және Бельгия құрамаларымен кездеседі.
Матчтар 29 шілде мен 2 тамыз аралығында Молдованың Кишинев қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Виктор Чорный («Winti Panthers», Швейцария), Даниель Кошкарев («Арман», Павлодар).
Алаң ойыншылары: Игорь Демешко, Баянбек Муралинов, Алан Минбаев, Тимур Ершин, Денис Гулый, Михаил Кайзер, Артур Деринг, Владислав Шевчук (барлығы – «Арман», Павлодар), Арман Шотанов («Barqy», Семей), Саят Әшімов («Малайсары», Жетісу облысы), Әбдіқадыр Құрбанов («Omega», Тараз), Мұса Әлиев («Арман», Павлодар).
Бапкерлер штабы: Дмитрий Перевертов – бас бапкердің міндетін атқарушы, Антон Шкарин – бапкер-кеңесші, Тимур Камашев – амбассадор, Александр Гайдуков – дәрігер, Дархан Смайылов – массажист, Руслан Кенетаев – кит-менеджер, Берік Өмірбаев – менеджер, Ақылжан Құдайбергенов – медиа-офицер.
Қазақстан құрамасының матчтар кестесі:
29 шілде, 22:00
Қазақстан – Молдова
30 шілде, 18:00
Италия – Қазақстан
31 шілде, 18:00
Бельгия – Қазақстан
*Астана қаласының уақыты көрсетілген.