Скотт Манн Қазақстанның футбол жүйесімен танысуды жалғастыруда
Жұмыс сапары аясында Скотт Манн Алматы қаласының футбол федерациясының, Алматы қаласы Спорт басқармасының, сондай-ақ Алматы облыстық футбол федерациясының басшыларымен кездесті. Тараптар футболды дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, балалар мен жасөспірімдер футболын қолдау және ҚФФ мен өңірлік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.
Сапар барысында футбол инфрақұрылымы нысандарына ерекше көңіл бөлінді. Скотт Манн Орталық стадионда, ЦСКА стадионында, «Динамо» стадионында және Алматы қаласының футбол федерациясы стадионында болып, нысандардың қазіргі жай-күйімен, техникалық мүмкіндіктерімен және оларды одан әрі дамыту әлеуетімен танысты.
Өңірлерге жасалатын жұмыс сапарлары ҚФФ-ның жаңа Бас хатшысының қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі. Мұндай кездесулер жергілікті футбол саласының нақты жағдайын бағалауға, өңірлік федерациялармен тікелей байланыс орнатуға және футболды одан әрі дамытудың басым бағыттарын бірлесіп айқындауға мүмкіндік береді.