Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы алғашқы матчында Молдоваға жол берді

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы алғашқы матчында Молдоваға жол берді

30 шілде 2026, 10:19
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы алғашқы матчында Молдоваға жол берді
Кишиневте 2026 жылғы Еуролиганың А дивизионы аясында жағажай футболынан Қазақстан құрамасының алғашқы матчы өтті.

Отандық ұжымның алғашқы ойындағы қарсыласы турнир қожайындары – Молдова құрамасы болды.

Кездесу 2:1 есебімен Молдова пайдасына аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Баянбек Муралинов соқты.

Турнирдегі келесі матчын Қазақстан құрамасы 30 шілде күні Италияға қарсы өткізеді.

Қазақстан – Молдова – 1:2

Голдар: Муралинов 11 – Игнат 6, Флореа 7

A’SU - Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары