Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига матчында Италияға есе жіберді

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига матчында Италияға есе жіберді

30 шілде 2026, 22:20
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига матчында Италияға есе жіберді
Кишиневте (Молдова) 2026 жылғы Еуролиганың А дивизионы аясында жағажай футболынан Қазақстан құрамасының екінші матчы өтті.

Отандық ұжымның турнирдегі екінші қарсыласы жағажай футболынан әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Италия құрамасы болды.

Матч итальяндықтардың пайдасына 12:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Артур Деринг соқты.

Турнирдегі қорытынды матчын Қазақстан құрамасы 31 шілде күні Бельгияға қарсы өткізеді.

Италия – Қазақстан – 12:1

Голдар: Фазини, Хосеп (2), Андриани (3), Касапьери, Алла, Ремеди, Скиакка, Дженовали, Бертакка – Деринг.

A’SU - Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары