Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигада Бельгияны жеңді
Ұлттық құрама Молдованың Кишинев қаласында өтіп жатқан Еуролига А дивизионының үшінші матчында Бельгиямен кездесті. Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде бельгиялықтар есеп ашқанымен, Қазақстан құрамасы Шотановтың голының арқасында таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде қарсылас тағы екі рет алға шықты, алайда Дмитрий Демешко екі мәрте мергендік танытып, матчтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда есепті 3:3-ке жеткізді.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Қазақстан сапынан Деринг, Демешко және Ершин өз соққыларын дәл орындаса, Бельгия құрамасы үш мүмкіндігінің екеуін мүлт жіберді. Нәтижесінде ұлттық құрама пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Матчта Дмитрий Демешко хет-трик авторы атанып, Қазақстан құрамасының негізгі қаһарманы болды. Сондай-ақ Шотанов бір гол соқты. Осылайша ұлттық құрама Еуролигадағы маңызды жеңіске қол жеткізді.
A’SU - Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі.