Скотт Манн Премьер-лиганың «Жеңіс» пен «Елімай» арасындағы матчына барды

Скотт Манн Премьер-лиганың «Жеңіс» пен «Елімай» арасындағы матчына барды

03 тамыз 2026, 11:46
Скотт Манн Премьер-лиганың «Жеңіс» пен «Елімай» арасындағы матчына барды
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн кезекті жұмыс сапары аясында Премьер-лиганың «Жеңіс» пен «Елімай» командалары арасындағы ойынды тамашалады.

Федерация басшысы ойынды трибунадан тамашалай отырып, матчдей ұйымдастыру деңгейімен танысты. Басшы ойынды трибунадан тамашалай отырып, матчдей ұйымдастыру деңгейімен танысты. Матчқа сонымен қатар ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру да қатысты. Бұдан бөлек, Бас хатшымен бірге ойында әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева болды. Кездесу барысында Скотт Манн онымен команданың алдағы кездесулерін және Қазақстандағы әйелдер футболын дамытудың басым мәселелерін талқылады.

Чемпионаттың маңызды кездесулеріне бару және өңірлік инфрақұрылымды тексеру ҚФФ басшылығының жұмыс сапарлары бағдарламасының маңызды бөлігі болып қала береді. Бұған дейін өз сапарлары аясында Скотт Манн Алматы, Семей және Шымкент қалаларында болып, жергілікті федерациялардың қызметімен және өңірлердегі футболдың дамуымен танысқан.

Өңірлерге жұмыс сапарларымен бару – ҚФФ жаңа Бас хатшысы қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл сапарлар жергілікті футбол саласының шынайы жай-күйін көруге, өңірлік федерациялармен тікелей диалог орнатуға және әрі қарай дамудың басым бағыттарын бірлесе айқындауға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы