Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролиганың А дивизионындағы орнын сақтап қалды

Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролиганың А дивизионындағы орнын сақтап қалды

03 тамыз 2026, 16:38
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуролиганың А дивизионындағы орнын сақтап қалды
Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасы Молдованың Кишинев қаласында өткен 2026 жылғы Еуролига кезеңін аяқтады.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы үш матч өткізді. Алғашқы кездесуде ұлттық құрама Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберсе, екінші ойында Италиядан 1:12 есебімен жеңілді. Топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандықтар Бельгиямен негізгі уақытта 3:3 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

5-8 орындар үшін өткен плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Эстонияны 7:5 есебімен жеңді. Ал бесінші орын үшін матчта Украинаға 3:4 есебімен жол берді.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 қатысушының ішінде алтыншы орынға ие болып, келесі маусымға Еуролиганың элиталық А дивизионындағы орнын сақтап қалу жөніндегі негізгі міндетін орындады.

A’SU - Жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары