Әділ Досов «Маккаби Тель-Авив» – «ЦСКА София» арасындағы Еуропа лигасы матчының қауіпсіздік офицері болып тағайындалды

Әділ Досов «Маккаби Тель-Авив» – «ЦСКА София» арасындағы Еуропа лигасы матчының қауіпсіздік офицері болып тағайындалды

06 тамыз 2026, 09:45
Әділ Досов «Маккаби Тель-Авив» – «ЦСКА София» арасындағы Еуропа лигасы матчының қауіпсіздік офицері болып тағайындалды
Отандық маман Әділ Досов УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі Израильдің «Маккаби Тель-Авив» және Болгарияның «ЦСКА София» командалары арасындағы матчқа қауіпсіздік офицері болып тағайындалды.

Кездесу 6 тамыз күні Грузияның Батуми қаласындағы «Аджарабет Арена» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

УЕФА-ның қауіпсіздік офицері матчтың қауіпсіздік бағытындағы дайындық деңгейін бағалайды және қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша УЕФА штаб-пәтері мен матч ұйымдастырушылары арасындағы негізгі үйлестіруші қызметін атқарады.

Әділ Досов 2021/2022 жылғы маусымнан бері УЕФА-ның қауіпсіздік офицері, ал 2023 жылдан бастап ФИФА-ның қауіпсіздік офицері қызметін атқарып келеді. Ол УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференциялар лигасының негізгі кезеңі мен плей-офф матчтарында, УЕФА Ұлттар лигасында, сондай-ақ 2026 жылғы ФИФА әлем чемпионатының іріктеу және плей-офф кездесулерінде қызмет атқарған тәжірибелі маман.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары