Көңіл айту
06 тамыз 2026, 12:04
Александр Александрович Лисин 55 жасында дүние салды. Ол кәсіби мансабын «Целинник» клубында бастап, кейін «Астана», «Жеңіс», «Наша Кампания», «Экибастузец-НК», «Евразия» және Степногорскінің «Химик» командаларында өнер көрсетті.
Кейін бірнеше жыл бойы «Астана» футбол клубының жүйесінде еңбек етіп, жас футболшыларды тәрбиелеуге үлес қосты. Ол футболды сүйген талай жас өренге жол ашып, олардың үлкен спортқа қанат қағуына себепкер болды.
Александр Александрович Лисиннің жарқын бейнесі мәңгі сақталады. Марқұмның рухы шат, жаны жәннәттық болсын!
Жаңалықтар
05 там., 14:00