7 тамызда Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру рәсімі өтеді

7 тамызда Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру рәсімі өтеді

06 тамыз 2026, 17:00
7 тамызда Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру рәсімі өтеді
Қазақстан футбол федерациясы 7 тамызда Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстыру рәсімі өтетінін хабарлайды.

Іс-шара ҚФФ Футбол үйінде өтеді. Басталуы – сағат 12:00-де.

Таныстыру аясында ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн мен Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өту үшін журналистердің мәліметтерін (Аты-жөні және медиа атауы) press@kff.kz электронды поштасына жіберуі қажет.

Қосымша сұрақтар бойынша press@kff.kz электронды поштасына немесе +7 777 837 84 87 WhatsApp нөмірі арқылы хабарласуға болады (Данияр Әділбеков).

Бөлісу

Жаңалықтар

06 там., 12:04
Жоғары