Астанада UEFA «A-Elite» курсының үшінші модулі аяқталды
Модуль аясында басты назар шабуыл мен қорғаныстағы ойынды ұйымдастыруға, жаттығу процесін талдауға және тыңдаушылардың практикалық жұмысына аударылды. Қатысушылар теориялық сабақтардан өтіп, Қазақстан U-19 ұлттық құрамасының ойын әрекеттерін зерттеді, жаттығу сабақтарының презентацияларын дайындап, микро-топтарда жұмыс істеді.
Практикалық бөлім футбол алаңында өтті. Тыңдаушылар өздері әзірлеген жаттығуларды таныстырып, курс нұсқаушыларының бақылауымен жаттығу сессияларын өткізді.
Жаттығу процесін жоспарлауға, өткізуге және кейіннен талдауға ерекше басымдық берілді. Бұл формат бапкерлерге алған білімдерін нығайтуға және оларды командамен жұмыс істеудің шынайы жағдайларына барынша жақындатып қолдануға мүмкіндік берді.
Үшінші модуль қорытындысы бойынша оқыту нәтижелері сараланып, рефлексия жүргізілді және курс тыңдаушылары үшін алдағы оқу тапсырмалары айқындалды.