ҚФФ-ның Астанадағы футбол алаңында болған оқиғаға қатысты мәлімдемесі
11 тамыз 2026, 13:14
Алдын ала мәлімет бойынша, жаттығу кезінде футбол қақпасы баланың үстіне құлаған. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ҚФФ балаға және оның отбасына қолдау білдіреді.
Оқиға болған футбол алаңын Қазақстан футбол федерациясы жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.
Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Федерация құзырлы органдарға оқиға себептерін анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Жаңалықтар
09 там., 22:50
07 там., 17:30