Джон ван ’т Шкип «Қайрат» – «Левски» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі матчын тамашалады

Джон ван ’т Шкип «Қайрат» – «Левски» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі матчын тамашалады

12 тамыз 2026, 09:58
Джон ван ’т Шкип «Қайрат» – «Левски» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі матчын тамашалады
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип селекциялық жұмыс аясында УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы матчқа қатысты.

Қазақстандық клубтардың еурокубок ойындары мен Премьер-лига матчтарын стадионнан тамашалау ұлттық құрама бапкерлік штабының жұмыс жоспарының маңызды бөлігі. Ойындарды тікелей стадионнан көру нидерландтық маманға футболшылардың қазіргі формасын, тактикалық дайындығын және халықаралық деңгейдегі жоғары бәсекелі матчтардағы психологиялық дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.

Джон ван ’т Шкип ұлттық құрамаға үміткер футболшыларды бақылау жұмыстарын жалғастырып, Қазақстан чемпионатының ойындарымен қатар халықаралық кездесулерге де қатысып жүр. Бұған дейін бас бапкер Премьер-лиганың «Жетісу» – «Ордабасы» және «Астана» – «Оқжетпес» матчтарын тамашалаған.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары