Шымкентте қыздар құрамалары арасында УЕФА Даму турнирі басталды

Шымкентте қыздар құрамалары арасында УЕФА Даму турнирі басталды

12 тамыз 2026, 18:55
Шымкентте қыздар құрамалары арасында УЕФА Даму турнирі басталды
Шымкент қаласында «Намыс» стадионында 15 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасындағы УЕФА Даму турнирінің алғашқы ойын күні өтті.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысып жатыр. Алғашқы ойын күні Қазақстан WU15 құрамасы Әзербайжанмен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының сапында Алисса Куропатенко дубль авторы атанды. Ол 56 және 60-минуттарда гол соғып, командасына жеңіс әкелді. Әзербайжан құрамасының жалғыз голын 71-минутта Захра Акберли соқты.

Қазақстан U-15 – Әзербайжан U-15 – 2:1 (0:0)

Голдар: Куропатенко 56, 60 – Акберли 71

Қазақстан U-15: Ярмоленко (Қ), Аскарбек, Мауленкызы, Харченко, Валеева, Ичшанова, Мамонтова, Дизендорн, Куропатенко, Сенби, Самат.

Қосалқы құрам: Сагиева (Қ), Амельгдиева, Ыбырай, Керебек, Мустафина, Орынбасарова, Шушеначева, Азибай, Нұрмахан.

Аға бапкер: Юлия Мамонова.

Әзербайжан U-15: Шукурлу Мадина (Қ), Ахмад Рабийя, Яралиева Ламия, Хусейнли Ламан, Вахби Азия, Гарибова Сара, Джаббарли Зейнаб, Котикова Елина, Ибрагимзаде Фатима, Садихова Минайя, Джафарова Сафия.

Қосалқы құрам: Хасани Чичак (Қ), Аллахвердиева Гюлай, Бахшали Аян, Хамзаева Мадина, Исазаде Ясмин, Маммадзаде Назли, Наджафли Захра, Садигова Бану, Акберли Захра.

Аға бапкер: Ровшан Гасымов.

Тағы бір кездесуде Ресей мен Беларусь құрамалары кездесті. Матч Ресей құрамасының ірі жеңісімен аяқталды – 5:1.

Ресей U-15 – Беларусь U-15 – 5:1 (5:0)

Голдар: Тарасова 11, Микалайнен 43, Вотинцева 55, Жидова 57, Тарасова 60 – Балабанова 90+2

Ресей U-15: Папанова Варвара (Қ), Чемерис Валерия, Говорова София, Шеховцова Елизавета, Анисимова Ирина, Пивоварова Екатерина, Калинина Сабина, Минаева Ульяна, Микалайнен Никол, Тарасова Александра (К), Вотинцева София.

Қосалқы құрам: Шкрябиная Надежда (Қ), Щербакова Виктория, Мельякова Анастасия, Санькова Анастасия, Шилова Милана, Гагулова София, Жидова Ника, Куницкая Ирина, Суродина Елена.

Аға бапкер: Елена Медведева.

Беларусь U-15: Хващевская Ульяна (Қ), Камейша Евгения, Парецкая Малика, Хил Ульяна, Кашаварова Дарья, Осинцова Ксения, Заблоцкая Ульяна, Бохуш Дарья, Кашкевич Анастасия (К), Сидаренко Каролина, Балабанова Святлана.

Қосалқы құрам: Хлинистая София (Қ), Рыбалка Марьяна, Шток Таисия, Шухай Дарья, Рахатсевич Палина, Казулина Палина, Напанович Анна, Новик Палина, Разанцева Дарья.

Аға бапкер: Татьяна Киосе.

12 тамыз, 2026 жыл. «Намыс» стадионы, Шымкент.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары