Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Шкендия» – «Хиберниан» матчында қызмет етеді
13 тамыз 2026, 12:30
Қарымта кездесу 13 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де Скопье қаласында (Солтүстік Македония) «Тоше Проески» стадионында өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды, оған ассистенттер Сергей Васютин пен Денис Лабашов көмектеседі, қосалқы төреші міндетін Данил Горда атқарады. VAR төрешісі болып Айдын Тасыбаев белгіленді, ал оған ассистент ретінде венгриялық Тамаш Богнар көмектеседі.
Шотландияда өткен алғашқы матч «Хибернианның» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
Жаңалықтар
12 там., 12:00
11 там., 17:00