CP Football-дан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына шақырылған құрамы белгілі болды
Әлем біріншілігіне дайындық аясында ұлттық құрама 2026 жылғы 13-15 тамыз аралығында Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын бағдарламасында екі мезгіл жаттығу сессиялары мен теориялық сабақтар қарастырылған.
Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Нұрымжан Мұрат, Сандыбек Нажиманов, Әлихан Абаев (барлығы – Астана);
Қорғаушылар: Ильяс Байбақұшев (Астана), Мақсат Серіков (Павлодар), Нұржан Қасанов (Атырау), Виталий Крадин (Қарағанды);
Жартылай қорғаушылар: Жүрсін Нұргелдіұлы (Алматы), Анатолий Федоровский (Қарағанды), Райымбек Жақыпбек, Нұрдаулет Жетпісбай (екеуі де – Астана);
Шабуылшылар: Әлдамир Амантаев (Павлодар), Әлаянат Жексембай (Атырау), Олжас Есперов (Астана).
Бапкерлер штабы мен персонал: Шыңғыс Темірханов – бас бапкер, Артур Темірханов – қақпашылар бапкері, Азамат Кенжеғұлов – менеджер, Сәуле Қадырбаева – дәрігер, Ақұлпа Тұрлыбай – медиа-офицер.
Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойындар күнтізбесі:
18 тамыз: Қазақстан – АҚШ
19 тамыз: Италия – Қазақстан
20 тамыз: Кения – Қазақстан
Бұдан бөлек, 21 тамызда қазақстандық ұжым «Лафборо» клубына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Турнирдің шешуші күні 23 тамызға жоспарланған, бұл күні 3-орын үшін матч пен финал өтеді.