Джон ван ’т Шкип «Тобыл» – «Партизан» матчына барды
13 тамыз 2026, 22:40
Қазақстандық клубтардың ішкі чемпионаттағы және халықаралық аренадағы өнерін бақылау ұлттық құрама жаттықтырушылар штабы жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Матчтарға тікелей қатысу Джон ван ’т Шкипке ықтимал үміткерлердің қазіргі ойын бабын, түрлі ойын жағдайларындағы әрекеттерін және жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Нидерландтық маман ұлттық құрамаға үміткер ойыншылар туралы түсінігін қалыптастыруды жалғастырып, Қазақстан клубтарының Премьер-лигадағы және еурокубоктардағы матчтарына тұрақты түрде қатысып жүр.
Бұған дейін Джон ван ’т Шкип «Жетісу» – «Ордабасы», «Астана» – «Оқжетпес» матчтарын, сондай-ақ Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» – «Левски» кездесуін тамашалаған.
Жаңалықтар
12 там., 12:00
11 там., 17:00