Скотт Манн Қазақстанның өңірлеріне жұмыс сапарларын жалғастыруда

Скотт Манн Қазақстанның өңірлеріне жұмыс сапарларын жалғастыруда

14 тамыз 2026, 12:18
Скотт Манн Қазақстанның өңірлеріне жұмыс сапарларын жалғастыруда
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Бас хатшы УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Тобыл» мен сербиялық «Партизан» арасындағы матчты тамашалады. Сонымен қатар жұмыс бағдарламасы «Тобыл Арена» стадионына баруды және Қостанай облысының футбол федерациясымен кездесуді қамтыды.

Кездесу барысында өңірдегі футболдың қазіргі жағдайы мен оны дамыту, спорттық инфрақұрылым және матчтарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапарлары аймақтық футбол ұйымдарымен тікелей диалог орнатуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұған дейін Алматы, Семей, Шымкент және Талдықорған қалаларына сапарлар ұйымдастырылды.

Бас хатшы Қазақстанның басқа да өңірлеріне жұмыс сапарларын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары