ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті

14 тамыз 2026, 17:16
ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті
2026 жылғы 12 тамызда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті.

Бірінші лига. 17-тур

«Оңтүстік академиясы» – «Хан-Тәңірі»

2026 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан Бірінші лига біріншілігінің 17-туры аясындағы «Оңтүстік академиясы» – «Хан-Тәңірі» командалары арасындағы матчты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, атап айтқанда интернет байланысының үзіліп, матч трансляциясының тоқтап қалғаны үшін Тәртіптік регламенттің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Оңтүстік академиясы» футбол клубына 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

«Елімай Ж» – «Қайрат-Жастар»

2026 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан Бірінші лига біріншілігінің 17-туры аясындағы «Елімай Ж» – «Қайрат-Жастар» командалары арасындағы матчты тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, атап айтқанда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің матчқа кеш келуі және олардың санының жеткіліксіз болғаны үшін Тәртіптік регламенттің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Елімай» футбол клубына 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

«Шахтер» – «Каспий Ж»

2026 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан Бірінші лига біріншілігінің 17-туры аясындағы «Шахтер» – «Каспий Ж» командалары арасындағы матчтың екінші таймы команданың алаңға кеш шығуына байланысты 7 минутқа кеш басталғаны үшін Тәртіптік регламенттің 63-бабы 1-тармағына сәйкес «Каспий» футбол клубына 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

Екінші лига. 18-тур

«Қайсар Ж» – «Хромтау»

2026 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан Екінші лига (оңтүстік-батыс) біріншілігінің 18-туры аясындағы «Қайсар Ж» – «Хромтау» командалары арасындағы матчта команданың 5 ойыншысына ескерту көрсетілгені үшін тәртіпсіз мінез-құлық танытқанына байланысты Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Қайсар» футбол клубына 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

«Жеңіс Ж» – «VPR ASTANA»

2026 жылғы Қазақстан Республикасының футболдан Екінші лига (солтүстік-шығыс) біріншілігінің 18-туры аясындағы «Жеңіс Ж» – «VPR ASTANA» командалары арасындағы матчта қарсыласқа гол соғудың айқын мүмкіндігінен айырғаны үшін Тәртіптік регламенттің 44-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Жеңіс М» командасының ойыншысы Мұхаметжан Айәділ 1 матчқа шеттетілді. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 13 тамыздан бастап есептеледі.

Премьер-лига. 10-тур

«Атырау» – «Ақтөбе»

2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 10-туры аясындағы «Атырау» – «Ақтөбе» командалары арасындағы матчтың команданың алаңға кеш шығуына байланысты 2 минутқа кеш басталғаны үшін Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес «Атырау» футбол клубына ескерту жасалды.

Чемпионат регламентінің 6.57-тармағының талаптарын бұзғаны, атап айтқанда 2026 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 10-туры аясындағы «Атырау» – «Ақтөбе» командалары арасындағы матчта «Ақтөбе» командасының ойыншысы Мираc Уманиязовтың алаңға шығуына санкция берілмегеніне қарамастан, матч алдындағы хаттамаға енгізілгені үшін Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес «Ақтөбе» футбол клубына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

Премьер-лига. 21-тур

«Елімай» – «Ертіс»

2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 21-туры аясындағы «Елімай» – «Ертіс» командалары арасындағы матчтың команданың алаңға кеш шығуына байланысты 1 минут 30 секундқа кеш басталғаны үшін Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес «Елімай» футбол клубына ескерту жасалды.

«Алтай» – «Қызылжар»

«Қызылжар» ФК ойыншысы Александр Нойоктың 2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лигасының 21-туры аясында өткен «Алтай Өскемен» – «Қызылжар» матчына талаптарға сәйкес келмейтін түрде қатысуына байланысты, Чемпионат регламентінің 6.57 және 6.122-тармақтарын, сондай-ақ ТР-дың 51, 23-баптары мен 25-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, аталған матчтың нәтижесі жойылсын және «Қызылжар» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілсін.

«Каспий» – «Ұлытау»

2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 21-туры аясындағы «Каспий» – «Ұлытау» командалары арасындағы матчта команда ойыншысының спорттық киімінде титулдық демеушінің шеврондары болмағаны үшін Чемпионаттың регламенттік құжаттарының талаптарын сақтамағанына байланысты Тәртіптік регламенттің 67-бабына сәйкес «Ұлытау» футбол клубына 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

«Астана» – «Оқжетпес»

2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 21-туры аясындағы «Астана» – «Оқжетпес» командалары арасындағы матчта спортқа жат мінез-құлық танытып, матчтың ресми тұлғасына қарай бөтелкені әдейі аяқпен тепкені үшін Тәртіптік регламенттің 45-бабына сәйкес «Оқжетпес» командасының жаттықтырушысының көмекшісі Денис Мамонов 4 матчқа дисквалификацияланды. Дисквалификация мерзімі 2026 жылғы 10 тамыздан бастап есептеледі.

Сондай-ақ 2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 21-туры аясындағы «Астана» – «Оқжетпес» командалары арасындағы матчта команданың 4 ойыншысына ескерту көрсетіліп, жаттықтырушының көмекшісі алаңнан қуылғаны үшін тәртіпсіз мінез-құлық танытқанына байланысты Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Оқжетпес» футбол клубына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

«Жетісу» – «Ордабасы»

2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 21-туры аясындағы «Жетісу» – «Ордабасы» командалары арасындағы матчта VAR бөлмесі мен хабар таратушылар бөлмесіндегі кондиционер жүйесінің жеткілікті деңгейде жұмыс істеуін қамтамасыз етпегені үшін қайталама заң бұзушылық ретінде Тәртіптік регламенттің 63-бабына сәйкес «Жетісу» футбол клубына 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

Сонымен қатар 2026 жылғы Қазақстан Республикасы футболдан Премьер-лига клубтары арасындағы чемпионаттың 21-туры аясындағы «Жетісу» – «Ордабасы» командалары арасындағы матчта команданың 5 ойыншысына ескерту көрсетілгені үшін тәртіпсіз мінез-құлық танытқанына байланысты Тәртіптік регламенттің 48-бабы 1) тармақшасына сәйкес «Жетісу» футбол клубына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұлды 2026 жылғы 12 қыркүйекті қоса алғанға дейін төлеу қажет.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары