Шымкентте қыздар құрамалары арасында УЕФА Даму турнирі аяқталды
Соңғы ойын күнінің алғашқы матчында Беларусь құрамасы Әзербайжан командасын 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Беларусь WU15 – Әзербайжан WU15 – 5:0 (2:0)
Голдар: Шухай 14 (1:0), Богуш 38 (2:0), Хапанович 41 (3:0), Кашкевич 80 (4:0), Казуля 87 (5:0).
Ескертулер: Новик 85, Баланова 90 – Наджафли 44, Исазаде 75.
Беларусь WU15: Хващевская (қ), Парецкая, Хиль, Кашавар, Осинцева (к), Заблотская, Богуш, Сидаренка, Шухай, Капанович, Разантсава.
Аға бапкер: Татьяна Киосе.
Әзірбайжан WU15: Шюкюрлю (қ), Ахмад, Яралиева, Джафарова, Бахшали, Наджафли, Джаббарлы, Котикова, Ибрагимзаде, Садыхова, Гарибова (к).
Аға бапкер: Ровшан Гасымов.
Күннің екінші кезесуінде Қазақстан қыздар құрамасы Ресейге жол берді.
Қазақстан WU15 – Ресей WU15 – 0:8 (0:4)
Голдар: Гагулова 2 (0:1), Суродина 24 (0:2), Суродина 28 (0:3), Микаелян 42 (0:4), Тарасова 45 (0:5), Шеховцова 48 (0:6), Калинина 59 (0:7), Куницкая 90 (0:8).
Қазақстан WU15: Ярмоленко (қ), Мәуленқызы, Харченко, Валеева, Ихшанова (к), Мамонтова, Куропатенко, Сағиева, Амангелдиева, Мұстафина, Шушеначева.
Аға бапкер: Юлия Мамонова.
Ресей WU15: Папанова (қ), Чемерис, Шеховцова, Анисимова, Пивоварова, Минаева, Микаелян, Тарасова (к), Щербакова, Гагулова, Суродина.
Аға бапкер: Елена Медведева.
17 тамыз 2026 жыл. «Намыс» стадионы, Шымкент.
Еске сала кетейік, бастапқы турда отандық футболшылар Әзербайжанды 2:1 есебімен жеңсе, Ресей құрамасы Беларусьті 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Екінші ойын күнінде біздің команда Беларуське (1:2) есе жіберсе, Ресей құрамасы Әзербайжаннан 13:0 есебімен басым түсті.