Аслан Галаев футзалдан Чемпиондар лигасының матчтарына тағайындалды

Аслан Галаев футзалдан Чемпиондар лигасының матчтарына тағайындалды

18 тамыз 2026, 12:58
Аслан Галаев футзалдан Чемпиондар лигасының матчтарына тағайындалды
Қазақстандық төреші Аслан Галаев 2026/27 жылғы маусымдағы футзалдан Чемпиондар лигасының бастапқы кезеңіндегі матчтарда қызмет етуге УЕФА тарапынан тағайындалды.

Галаев венгриялық «Уйпешт», Косовоның «Дреница», Сан-Мариноның «Мурата» және түркиялық «Сакарья Карсу» командаларының қатысуымен D тобының ойындарына қазылық етеді.

D тобының шағын турнирі 25-28 тамыз аралығында Будапешттегі «Амалия Стербинзки» аренасында өтеді.

Айта кетейік, бастапқы кезең – футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы сатысы. Оның қорытындысы бойынша үздік шыққан ұжымдар турнирдің келесі кезеңдеріне жолдама алу үшін күресті жалғастырады.

Аслан Галаевтың УЕФА турнирінің матчтарына тағайындалуы халықаралық деңгейде қазақстандық төрешілерге деген сенімді растайды және елдегі футзал төрешілігінің одан әрі дамуына ықпал етеді.

Бөлісу
Жоғары