Қазақстандық клубтар 2025/26 жылғы еурокубок маусымы қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдерін алды
18 тамыз 2026, 15:16
Ынтымақтастық төлемдері УЕФА белгілеген талаптарға сәйкес келетін 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары арасында бөлінді. Жалпы төлем көлемі 7 754 000 еуроны құрады. Әр клуб 596 461 еуродан алды.
Ынтымақтастық төлемдерін алған клубтар қатарында «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» бар.
«Қайрат» футбол клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқандықтан, турнирге қатысқаны үшін жүлделік бонустар алды.
Жаңалықтар
17 там., 12:06
17 там., 09:44