Астанада UEFA «B-GK» лицензиясы бойынша курстың алғашқы модулі өтуде

Астанада UEFA «B-GK» лицензиясы бойынша курстың алғашқы модулі өтуде

20 тамыз 2026, 10:06
Астанада UEFA «B-GK» лицензиясы бойынша курстың алғашқы модулі өтуде
2026 жылғы 18-20 тамыз аралығында Астанада UEFA «B-GK» лицензиясы бойынша қақпашылар жаттықтырушыларын даярлау курсының алғашқы оқу модулі өтуде. Бағдарлама Қазақстан футбол федерациясының жаттықтырушыларды даярлау жүйесі аясында ұйымдастырылуда.

Курс қақпашыларды даярлау бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған және теориялық әрі практикалық сабақтарды қамтиды.

Алғашқы модуль аясында қақпашыларды даярлау философиясы мен әдістемесіне, жаттығу процесін ұйымдастыруға, әртүрлі қашықтықтан жасалған соққыларды қайтаруға, бір-бірге ойнауға, қапталдан берілген пастар кезіндегі әрекеттерге, сондай-ақ қорғаныс шебінің артындағы кеңістікті қорғауға баса назар аударылады.

Курстың жекелеген блоктары қақпашылардың дайындығын жоспарлау және кезеңдеуге, қақпашылар жаттықтырушысының жаттықтырушылар штабымен өзара байланысына, сондай-ақ қақпашының жұмысын команданың жалпы жаттығу процесіне кіріктіруге арналған.

Курс тыңдаушылары өздерінің практикалық сабақтарын өткізіп, жаттығу процесін талдайды және атқарған жұмыстары бойынша нұсқаушылар мен әріптестерінен кері байланыс алады.

UEFA «B-GK» курсын өткізу Қазақстан футбол федерациясының жаттықтырушылар білімін дамыту және қақпашылармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін одан әрі арттыру бағытындағы жұмысының бір бөлігі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары