Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының «Бешікташ» – «Кауно Жальгирис» матчына делегат болып тағайындалды
20 тамыз 2026, 17:23
20 тамызда Ыстанбұлда түркиялық «Бешікташ» литвалық «Кауно Жальгирис» ұжымын қабылдайды. Кездесу «Бешікташ» стадионында өтеді және жергілікті уақытпен 20:00-де басталады.
Аян Әлжанов бұл кездесуде УЕФА матчының делегаты ретінде қызмет атқарады.
Мәлімет үшін, УЕФА матч делегаты ойындарда УЕФА-ның ресми өкілі болып табылады, матч алдындағы ұйымдастыру жиындарына төрағалық етеді және ол аяқталғаннан кейін өз бағасын береді. Сонымен қатар делегат матчты спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілері бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіреді.
Жаңалықтар
20 там., 10:08