EA SPORTS FC 26 бойынша ҚР чемпионатының LAN-финалына қатысушылар анықталды
Ұлттық іріктеуге қатысу үшін 81 ойыншы тіркелді. 22–23 тамыз күндері өткен онлайн кезең Double Elimination жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Екі ойын күнінің қорытындысымен төрт ойыншы LAN-финалға жоғарғы тордан, тағы төртеуі төменгі тордан жолдама алды.
Жоғарғы тордан LAN-финалға шыққан ойыншылар:
- Данияр «dan1k» Шарабадин
- Әлішер «alish_back» Мұқанәлі
- Олжас «ZhasikFIFA» Есентаев
- Абылай «Abyl_Qazaqstan» Жаңаберген
Төменгі тордан LAN-финалға жолдама алғандар:
- Тимур «misatonyx» Рахишов
- Әмір «Amirr4iik» Желкібай
- Ердәулет «1erdaaa» Амангерей
- Ростислав «rost1ch» Стародубцев
EA SPORTS FC 26 бойынша ҚР чемпионатының гранд-финалы 29 тамызда Астана қаласындағы Қазақстан ұлттық спорт университетінде өтеді.
Шешуші кезеңде сегіз ойыншы ел чемпионы атағын сарапқа салады. Гранд-финал Ultimate Team FC Pro режимінде плей-офф жүйесі бойынша ширек финалдан басталады.
Турнир жеңімпазы Қазақстан чемпионы атанып, ұлттық құрама сапында UEFA eEURO 2026 халықаралық кезеңінде ел намысын қорғау құқығына ие болады.
17–18 қазанда УЕФА-ға мүше 47 ұлттық қауымдастықтың өкілдері eEURO 2026 онлайн топтық кезеңінде бақ сынайды. Оның қорытындысымен үздік сегіз ойыншы 12 желтоқсанда Лондонда өтетін финалдық кезеңге жолдама алады.
ҚР чемпионатын өткізу және eEURO 2026 турниріне ұлттық іріктеу ұйымдастыру – еліміздегі үздік ойыншыларды анықтап қана қоймай, киберфутболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жүйелі түрде қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.