«Тобыл» - «Қайсар» матчындағы жекелеген ойын жағдайына түсіндірме

«Тобыл» - «Қайсар» матчындағы жекелеген ойын жағдайына түсіндірме

26 тамыз 2026, 19:30
«Тобыл» - «Қайсар» матчындағы жекелеген ойын жағдайына түсіндірме
ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру 2026 жылғы Премьер-лиганың кейінге шегерілген 21-туры аясындағы «Тобыл» - «Қайсар» матчында болған жекелеген ойын эпизодына Ойын ережелеріне сәйкес түсіндірме берді.

90-минут. Эпизодта айып алаңындағы ықтимал қолмен ойнау жағдайы қарастырылады. Бұрыштама добынан кейін шабуылшы допты айып алаңына бағыттайды, сол жерде доп қорғаушыға тиеді.

Қайталаудан қорғаушының қолы денесіне жақын, табиғи қалыпта тұрғаны және дене аумағын үлкейтпегені көрінеді. Сондай-ақ қолдың допқа қарай қозғалысы жоқ. Керісінше, доптың өзі қолға қарай қозғалады. Бұдан бөлек, ойыншы байланыс болғанын сезген сәтте қолын алып кетуге тырысады.

Мұндай жағдайда пенальти белгілеуге негіз жоқ.

Қорытынды: ойынды жалғастыру туралы шешім дұрыс болды. VAR-дың эпизодқа араласпауы да дұрыс шешім.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы