Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турниріне қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турниріне қатысады

27 тамыз 2026, 10:30
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турниріне қатысады
15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 13-19 қыркүйек аралығында Сербияның Стара-Пазова қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің жасөспірімдер құрамалары қатысады.

Қазақстан U-15 құрамасы турнирдегі алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. 16 қыркүйекте жасөспірімдеріміз Сербиямен кездессе, 19 қыркүйекте Ресейге қарсы ойын өткізеді.

Қазақстан U-15 құрамасының матчтар кестесі:

14 қыркүйек
12:00 Қазақстан – Түркия

16 қыркүйек
14:30 Сербия – Қазақстан

19 қыркүйек
10:00 Ресей – Қазақстан

Турнирдегі барлық матч Стара-Пазова қаласында өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары