УЕФА Даму турниріне қатысатын Қазақстан U-15 құрамасына шақырылған ойыншылар

УЕФА Даму турниріне қатысатын Қазақстан U-15 құрамасына шақырылған ойыншылар

01 қыркүйек 2026, 20:00
УЕФА Даму турниріне қатысатын Қазақстан U-15 құрамасына шақырылған ойыншылар
15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 13-19 қыркүйек аралығында Сербияның Стара-Пазова қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды.

Жарысқа Қазақстаннан бөлек Сербия, Түркия және Ресейдің жасөспірімдер құрамалары қатысады.

Қазақстан U-15 құрамасы турнирдегі алғашқы матчын 14 қыркүйекте Түркияға қарсы өткізеді. 16 қыркүйекте жасөспірімдеріміз Сербиямен кездессе, 19 қыркүйекте Ресейге қарсы ойын өткізеді.

Қақпашылар: Кирилл Писарев («Оқжетпес»), Даниил Маракшин («Қайрат»), Артур Аникеев («Родина», Ресей).

Қорғаушылар: Аслан Әбдуғани, Нұрали Сағындық, Заңғар Алпысбаев, Нұрасыл Айдос (бәрі – «Атлетико Қазақстан» академиясы), Мадияр Надир, Максим Тян (екеуі де – «Қайрат»), Емел Ибрагим («Ордабасы»), Тимофей Афельченко («Ертіс»), Ұлан Қорғанбай («Жас Қыран»).

Жартылай қорғаушылар: Мирон Ищенко, Расул Самаев, Ислам Алшынбаев, Арман Батырхан, Абрахим Аманғалиев (бәрі – «Атлетико Қазақстан» академиясы), Диас Әбубәкір, Артем Тян (екеуі де – «Қайрат»), Ғабидолла Оразалы («Валенсия», Испания), Әлижан Әміртаев («Тобыл»), Мерали Әлібекұлы («Ордабасы»), Арнұр Батырай («Шахтер»).

Шабуылшылар: Ахмет Тұран Жошкун («Атлетико Қазақстан» академиясы), Милан Надрышин (екеуі де – «Ақтөбе»), Абылай Тұрсын («Қайрат»).

Жаттықтырушылар штабы: Әнуар Жағыппар – аға бапкер, Юрий Мархель – аға бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы бапкері, Алексей Булучевский – қақпашылар бапкері, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Нұрбол Абатаев – массажист, Абылайхан Құрбанәлі – менеджер.

Қазақстан U-15 құрамасының матчтар кестесі:

14 қыркүйек
Қазақстан – Түркия

16 қыркүйек
Сербия – Қазақстан

19 қыркүйек
Ресей – Қазақстан

Турнирдегі барлық матч Стара-Пазова қаласында өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары