Астанада UEFA B-Fitness курсының үшінші модулі аяқталды
27 тамыз 2026, 12:31
Модуль аясында қатысушылар жас ерекшеліктерін, ойыншылардың өсуі мен жетілу динамикасын ескере отырып дене даярлығы, жүктемені басқару және жаттығу процесін кезеңдестіру қағидаттары сияқты мәселелерді зерттеді.
Дене даярлығын жаттығулардың техникалық және тактикалық мазмұнына біріктіруге, микроциклдерді жоспарлауға, сондай-ақ жасөспірімдер және элиталық жасөспірімдер командаларымен жұмыс істеу ерекшеліктеріне баса назар аударылды.
Бағдарлама теориялық сабақтарды футбол алаңындағы және жаттығу залындағы практикалық жұмыстармен ұштастырды. Қатысушылар жылдамдық-күш және күштік қасиеттерді дамыту бойынша жаттығулар әзірлеп, футболшылардың жас әрі ойын ерекшеліктерін ескере отырып жаттығу сабақтарын модельдеді.