Астанада УЕФА «С» лицензиясы бойынша курстың екінші модулі аяқталды

Астанада УЕФА «С» лицензиясы бойынша курстың екінші модулі аяқталды

27 тамыз 2026, 15:44
Астанада УЕФА «С» лицензиясы бойынша курстың екінші модулі аяқталды
25-27 тамыз аралығында Астанада УЕФА «С» лицензиясы бойынша бапкерлерді даярлау курсының екінші модулі өтті.

Бағдарлама бастауыш бапкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды және теориялық сабақтарды футбол алаңындағы практикалық жұмыспен ұштастырды.

Модуль барысында тыңдаушылар координация, моторлық дағдылар мен футбол техникасының негізгі элементтерін дамыту мәселелерін зерттеді. Бағдарламаға допты алып жүру, дриблинг, қарсыласты алдау, допты қабылдау мен беру, сондай-ақ қақпаға соққы жасау сияқты дағдылар енгізілді.

Жаттығу процесін ұйымдастыру әдістемесіне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар жаттығуларды жоспарлау, жаттығу сабақтарын өткізу, шағын топтарда өзара әрекеттесу және орындалған жұмысты талдау бағытында жұмыс істеді. Екінші модульдің маңызды бөлігі практикалық сабақтар болды, онда тыңдаушылар меңгерген әдістемелік тәсілдерді алаңда қолданды.

Сондай-ақ бағдарлама аясында футбол фестивалдері мен «Bon-Bon» кубогын ұйымдастыру, соның ішінде ойыншыларды тіркеу, матчтарды өткізу, нәтижелерді есептеу және жеңімпаздарды анықтау бойынша сабақ өтті. Бөлек блоктар қауіпсіздік техникасына, алғашқы медициналық көмек көрсетуге, рефлексияға және оқыту қорытындысын шығаруға арналды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары