eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына қатысады

eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына қатысады

28 тамыз 2026, 10:30
eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына қатысады
eFootball Mobile-дан ұлттық құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде бақ сынайды

Ойындар 5–6 қыркүйекте Португалияның Лиссабон қаласында өтеді. Турнир қорытындысында жүлдегерлер анықталып қана қоймай, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін екі лицензия сарапқа салынады.

Жарыс алдындағы дайындық аясында Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары 31 тамыз – 3 қыркүйек аралығында Лиссабонда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Барлық ойын FPF Arena алаңында өтеді.

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

5 қыркүйек

* 22:30 — Қазақстан – Түркия
* 23:00 — Сербия – Қазақстан
* 23:30 — Қазақстан – Грузия

6 қыркүйек

* 00:15 — Босния – Қазақстан
* 00:45 — Қазақстан – Португалия 
* 01:30 — Қазақстан – Грекия
* 02:00 — Хорватия – Қазақстан

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары