Шымкентте облыстардың жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

Шымкентте облыстардың жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды

28 тамыз 2026, 14:22
Шымкентте облыстардың жасөспірімдер құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды
Шымкентте облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жасөспірімдер құрама командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Турнирге 2010 жылы туған футболшылар қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Астана құрамасы иеленді. Күміс медаль Түркістан облысының командасына бұйырса, Жамбыл облысының құрамасы қола жүлдегер атанды.

Турнирлік кесте:

1-орын – Астана

2-орын – Түркістан облысы

3-орын – Жамбыл облысы

Сонымен қатар чемпионат қорытындысы бойынша турнирдің үздік ойыншылары анықталды.

Жекелей номинациялар:

Үздік қақпашы – Аңсар Алайдар (Түркістан)

Үздік қорғаушы – Әлихан Азанбай (Астана)

Үздік жартылай қорғаушы – Жігер Аманбек (Алматы облысы)

Үздік шабуылшы – Әбдіжамал Айтқожа (Түркістан облысы)

Үздік сұрмерген – Диас Лесбек (Жамбыл облысы)

Үздік ойыншы – Жасұлан Жалбинов (Астана)

Бөлісу
Жоғары