Джон ван ’т Шкип «Жеңіс» – «Алтай» арасындағы Премьер-лига матчын тамашалады
Джон ван’ т Шкиппен бірге кездесуге оның көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев, Елдос Ахметов пен Вадим Боровский қатысты.
Премьер-лига және еурокубок матчтарына қатысу – ұлттық құрама жаттықтырушылар штабы жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Бұған дейін Джон ван ’т Шкип ҚПЛ аясындағы кездесулеріне тұрақты түрде барып, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» – «Левски» матчын және Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі Қостанайдың «Тобылы» мен сербиялық «Партизан» арасындағы кездесуді тамашалаған.
Матчтарға тікелей қатысу ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына командаға үміткер ойыншылардың қазіргі ойын бабын, тактикалық дайындығын, сондай-ақ физикалық және психологиялық әзірлігін көзбе-көз бағалауға мүмкіндік береді.