Бірінші және Екінші лига матчтарының кезекті апталық талдауы өтті

Бірінші және Екінші лига матчтарының кезекті апталық талдауы өтті

01 қыркүйек 2026, 09:41
Бірінші және Екінші лига матчтарының кезекті апталық талдауы өтті
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және инспекциялау және VAR жүйесін дамыту департаменті Бірінші және Екінші лиганың өткен турларындағы матчтарға кезекті апталық талдау жүргізді. Жиынға инспекторлар, нұсқаушылар және төрешілер қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - төрешілер құрамының біліктілігін арттыру және төрешілер бригадаларының жұмысына баға беруде бірыңғай тәсілді қалыптастыру.

Кездесу барысында өткен турлардағы матчтардан алынған ойын эпизодтары жан-жақты талданып, төрешілердің негізгі шешімдері мен әрекеттері талқыланды. Сондай-ақ қатысушыларға алдағы жұмыс бойынша тиісті ұсыныстар берілді.

Талдау барысында ойын эпизодтарын бірізді түсіндіруге, төрешілер арасындағы өзара іс-қимыл сапасына және шешім қабылдаудағы жүйелілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай талдауларды өткізу ҚФФ Төрешілік департаментінің төрешілерді, нұсқаушылар мен инспекторларды дамытуға, сондай-ақ кәсіби жарыстардағы төрешілік сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары