Футболдан Премьер-лиганың 24-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме
«Қайрат» - «Елімай»
18-минут. Бірінші эпизодта айып алаңындағы ықтимал қолмен ойнау жағдайы қарастырылады. Шабуыл кезінде №89 ойыншы қарсылас қақпасына соққы жасайды. Оның алдында №14 қорғаушы орналасқан, доп сол ойыншының қолына тиеді.
Қайталаудан қорғаушының қолы денесіне жақын, табиғи қалыпта тұрғаны және дене аумағын үлкейтпегені көрінеді. Сондай-ақ доп тигеннен кейін қорғаушының қолын алып кетуге тырысқаны байқалады.
Бұл эпизодта пенальти белгілеуге негіз жоқ.
Қорытынды: ойынды жалғастыру туралы шешім дұрыс болды.
«Қайрат» - «Елімай»
32-минут. Екінші эпизодта айып алаңындағы тағы бір жағдай қарастырылады. Доп берілгеннен кейін екі ойыншы оған таласуға дайындалып, қозғалыс жасайды.
Айып алаңында қорғаушы тоқтайды. Арт жақтан келе жатқан шабуылшы соқтығысып қалмау үшін қолдарын алдына шығарады. Алайда оның әрекетінде қарсыласын екі қолымен алға қарай итеруге бағытталған айқын қимыл жоқ.
Ойыншылар арасында тек жеңіл байланыс болады, бұл пенальти тағайындауға негіз бола алмайды.
Қорытынды: ойынды жалғастыру туралы шешім дұрыс болды.
«Қайсар» - «Оқжетпес»
45+2-минут. Үшінші эпизодта айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Доп берілгеннен кейін екі ойыншы әуедегі допқа таласып, баспен ойнауға тырысады.
Қайталаудан екі футболшының да допқа ойнау үшін жоғары секіргені көрінеді. Бұл сәтте қорғаушы артқа қарай қозғалып, шабуылшы ойыншымен байланысты өзі туындатады. №91 ойыншы допты баспен ойнайды, оның тарапынан ереже бұзу жоқ.
Қорытынды: голды жою туралы шешім қате болды.
«Қайсар» - «Оқжетпес»
21-минут. Қорытынды эпизодта айып алаңындағы жағдай қарастырылады. Шабуыл кезінде қорғаушы доптың қақпаға кіруіне кедергі келтіріп, әдейі қолмен ойнайды. Осыдан кейін шабуылшы бірден соққы жасап, гол соғады.
Қайталаудан қорғаушы тарапынан қолмен ойнау анық көрінеді. Алайда шабуыл жалғасып, команда бірден гол түрінде басымдыққа ие болады. Сондықтан төреші ойынды тоқтатпай, голды дұрыс есепке алды.
Сонымен қатар қорғаушының әрекеті тәртіптік тұрғыда бағалануы керек еді.
Қорытынды: гол дұрыс есепке алынды. Қорғаушыға сары қағаз көрсетілуі тиіс еді.