ҚФФ мен ҚР ҰОК ынтымақтастық келешегін талқылады

ҚФФ мен ҚР ҰОК ынтымақтастық келешегін талқылады

02 қыркүйек 2026, 17:16
ҚФФ мен ҚР ҰОК ынтымақтастық келешегін талқылады
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің штаб-пәтерінде Қазақстан футбол федерациясының басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

ҚФФ атынан кездесуге Бас хатшы Скотт Манн қатысты. ҚР ҰОК тарапынан Бас хатшы Әлімжан Ақаев пен Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай қатысты.

Кездесу барысында Скотт Манн отандық футболды реформалаудың негізгі бағыттарын таныстырды. Қатысушылар саланы коммерцияландыру, футбол клубтарын кезең-кезеңімен жекеменшікке өткізу, сондай-ақ әйелдер мен балалар-жасөспірімдер футболын дамыту мәселелерін талқылады.

Бөлек блок ретінде тараптар ҚФФ мамандарының ҚР ҰОК қамқорлығымен өтетін білім беру бағдарламалары мен спорттық әкімшілендіру курстарына қатысу мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытты.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары