ҚФФ қызметкері УЕФА Еуропа лигасы матчтарында қызмет атқарады
02 қыркүйек 2026, 17:27
Лига кезеңі форматында «Арарат-Армения» өз стадионында «Спарта Прага» (Чехия), «АЗ Алкмаар» (Нидерланд), «НЕК Неймеген» (Нидерланд) және «Целе» (Словения) футбол клубтарын қабылдайды. Армениялық клубтың өз алаңындағы матчтарын ұйымдастыру қазақстандық маманның тікелей қатысуымен өтеді.
UEFA Venue Director – бұл матчтың, әсіресе оның спорттық жағынан ұйымдастырылуына жауапты UEFA өкілі. Ол UEFA тарапынан Лига кезеңі мен еурокубоктардың плей-офф раундтарына қатысатын клубтардың матчтарына арнайы тағайындалады.
Жаңалықтар
02 қыр., 17:16
01 қыр., 11:15