Астанада UEFA «A» лицензиясы бағдарламасы бойынша курстың екінші модулі өтіп жатыр

Астанада UEFA «A» лицензиясы бағдарламасы бойынша курстың екінші модулі өтіп жатыр

10 қыркүйек 2026, 15:59
Астанада UEFA «A» лицензиясы бағдарламасы бойынша курстың екінші модулі өтіп жатыр
2026 жылғы 8-11 қыркүйек аралығында Астана қаласында UEFA «A» лицензиясы бағдарламасы бойынша оқу курсының екінші модулі өтуде.

Модульдің негізгі тақырыбы – команданың қорғаныстағы ойынын ұйымдастыру, прессинг және 3-ші және 2-ші аймақтардағы ойыншылардың әрекеті. Оқу бағдарламасы теориялық презентацияларды, жаттығу сабақтарын талдауды, шағын топтардағы жұмысты және футбол алаңындағы практикалық сабақтарды қамтиды.

Модуль аясында тыңдаушылар қорғаныстағы командалық ойынды құру қағидаттарын зерделеп, прессингті ұйымдастырудың түрлі нұсқаларын қарастырады, футболшыларға қойылатын ойын талаптарын айқындайды және соған сәйкес жаттығу сабақтарын әзірлейді.

Сондай-ақ жаттықтырушы жұмысының әдістемесіне, ойын моделіне және «Рондо» форматындағы жаттығулардан командалық прессингті ұйымдастыруға кезең-кезеңімен көшуге ерекше назар аударылады. Бұдан бөлек, қатысушылар «Батыр жолы» тұжырымдамасымен және футболшының профилін анықтау әдістемесімен танысады.

Практикалық бөлім шағын топтарда жұмыс істеу форматында өтеді. Тыңдаушылар ойын жағдайларын өз бетінше талдап, жаттығу сабақтарын жоспарлайды, әзірлемелерін топ алдында таныстырады және алаңда практикалық сабақ өткізеді.

Әр практикалық жұмыстан кейін курс нұсқаушыларының кері байланысын ескере отырып, бірлескен талдау жүргізіледі.

Модуль 11 қыркүйекте қорытынды шығару, рефлексия және оқу процесін жалғастыруға арналған үй тапсырмаларын беру арқылы аяқталады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы