ҚФФ Сергей Кенетаевты 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтайды
Сергей Кенетаев көптеген жылдар бойы отандық футболдың дамуына өз үлесін қосып келеді. Футболшы ретінде ол «Целинник», «Уралец» және «Кокше» командаларында өнер көрсетіп, 1986 жылы Целиноградтың «Целинник» клубы сапында Қазақ КСР Кубогының иегері атанды.
Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін Сергей Мельсович футбол саласындағы қызметін төреші, инспектор және футбол функционері ретінде жалғастырды. Ол Қазақстан чемпионатының матчтарына төрелік етті, FIFA халықаралық санатындағы төреші ретінде жұмыс істеді, ұлттық жоғары санатты төреші болды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы чемпионаттарының матчтарында инспектор қызметін атқарды.
Әр жылдары Сергей Кенетаев Қазақстан футбол федерациясы құрылымында, соның ішінде төрешілік, инспекторлық және балалар-жасөспірімдер футболы бағыттарында басшылық қызметтер атқарды.
Қазақстан футбол федерациясы Сергей Мельсовичті мерейтойымен құттықтап, көп жылғы еңбегі, кәсібилігі және футболға деген адалдығы үшін алғыс білдіреді.
Оған зор денсаулық, отбасылық амандық, мол күш-қуат, жаңа жетістіктер және Қазақстан футболының игілігі жолындағы жұмысына толағай табыс тілейміз!