Қазақстан U-15 құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Түркияға жол берді

Қазақстан U-15 құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Түркияға жол берді

14 қыркүйек 2026, 17:09
Қазақстан U-15 құрамасы Сербиядағы УЕФА Даму турнирінің алғашқы матчында Түркияға жол берді
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияға 2:0 есебімен жеңілді.

Әнуар Жағыппардың шәкірттері бірінші таймда пенальтиден гол жіберіп алса, екінші таймда стандартты жағдайдан кейін екінші допты қақпасына өткізіп алды.

УЕФА Даму турниріндегі келесі матчын Қазақстан U-15 құрамасы 16 қыркүйек күні турнир қожайындары – Сербия U-15 құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан U-15 – Түркия U-15 – 0:2 (0:1)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы