Қазақстан футбол федерациясы Владимир Мостовойды 80 жасқа толуымен құттықтайды
14 қыркүйек 2026, 18:17
Владимир Алексеевич отандық спорт саласына 30 жылдан астам уақытын арнады. Ол төреші және инспектор ретінде елдегі маңызды матчтарға қызмет көрсетіп, ұзақ жылдар бойы Қазақстан футбол федерациясының құрылымында еңбек етті.
Қазақстан футзал қауымдастығы құрылған алғашқы күндерден бастап оның жұмысына белсене араласқан Владимир Мостовой елімізде футзалдың қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрды. Оның кәсіби басшылығымен футбол мамандарының, төрешілер мен функционерлердің бірнеше буыны қалыптасты.
Қазақстан футбол федерациясы Владимир Алексеевичті мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және сарқылмас күш-қуат тілейміз!
Жаңалықтар
11 қыр., 13:09
09 қыр., 18:19