Қазақстан U-19 құрамасы Словакияда өтетін Youth Nations Cup халықаралық турниріне қатысады
Турнир аясында Тимур Қасымов шәкірттері үш матч өткізеді. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 25 қыркүйекте турнир қожайындары – Словакия құрамасына қарсы өткізеді. Екінші турда, 28 қыркүйек күні, біздің команда Швейцария құрамасымен кездеседі. Ал 1 қазанға жоспарланған қорытынды ойында Польша құрамасына қарсы алаңға шығады.
Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Данила Буч, Бахтияр Алдашев (екеуі де – «Қайрат»), Мадияр Төлеубек («Батыр»).
Қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев, Нұралы Азатқазы (екеуі де – «Шахтер»), Данил Соболев («Тұран»), Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков, Санат Нұрболат (екеуі де – «Қайрат»), Әлихан Жексенбек («Астана Ж»), Шыңғыс Қалиев («Кастельон», Испания), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»).
Жартылай қорғаушылар: Абылай Төлеухан, Абылай Жылқайдар, Ермұхаммад Керімхан, Төре Исмағұлов, Әлиден Мұсайыпов, Евгений Петрик, Қайсар Малаев (барлығы – «Қайрат»), Аламгир Смақов («Бешікташ», Түркия), Арафат Молдағалиев («Тұран»).
Шабуылшылар: Дәулет Орынбасар («Қайрат»), Расул Әкімов («Шахтер»).
Бапкерлер штабы: Тимур Касымов – аға бапкер, Рустам Фардиев – аға бапкердің көмекшісі, Рамиль Акбаров – дене даярлығы бапкері, Алексей Анкудинов – сарпашы, Евгений Овчинников – қақпашылар бапкері, Илья Блинов – видеооператор, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Еламан Саурбаев – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер, Шыңғыс Өмірбаев – әкімші.