ҚФФ өкілдері Бішкекте FIFA TDS семинарына қатысуда

ҚФФ өкілдері Бішкекте FIFA TDS семинарына қатысуда

16 қыркүйек 2026, 15:53
ҚФФ өкілдері Бішкекте FIFA TDS семинарына қатысуда
15-19 қыркүйек аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясында халықаралық семинар өтіп жатыр.

Іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының атынан техникалық директор Геннадий Скуртул, элиталық жасөспірімдер футболы және таланттарды анықтау департаментінің директоры Тимур Құсайынов, Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Русланжан Раимбакиев, Қазақстан U-17 құрамасының аға бапкерінің көмекшісі Искандар Геймат және Қазақстан U-16 құрамасының аға бапкерінің көмекшісі Рустам Фардиев қатысуда.

Семинарға сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь және Молдова футбол федерацияларының өкілдері қатысып жатыр.

Бес күнге жоспарланған іс-шара барысында FIFA-ның халықаралық сарапшылары тәжірибелерімен бөлісіп, талантты футболшыларды іздеу және анықтаудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ өз елдеріндегі элиталық жасөспірімдер футболын дамыту бағыттарын таныстыруда.

Семинар қатысушылары TDS бағдарламасы аясында жас таланттарды қолдау мен дамыту тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар қатысушы елдердің футбол федерациялары алдында тұрған негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылуда.

Ерекше назар элиталық жасөспірімдер футболын ұзақмерзімді дамытуға бағытталған тұрақты жүйе қалыптастыруға, таланттарды анықтау тетіктерін жетілдіруге және жас футболшыларды дамудың әр кезеңінде тиімді қолдауға аударылуда.

ҚФФ өкілдерінің семинарға қатысуы таланттарды дамыту және жас футболшыларды даярлау саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеуге, сондай-ақ басқа елдердің футбол федерацияларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы