Қазақстан - Молдова матчына аккредитациялау
Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын 26 қыркүйекте сырт алаңдағы Фарер аралдарына қарсы матчпен бастайды. Артынша сырт алаңда 29 қыркүйекте Словакиямен кездеседі.
Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында қазан айында екі матч өтеді. Алдымен 2 қазанда Молдовамен, содан кейін 6 қазанда Фарер аралдары құрамасымен кездеседі. Екі матч та 19:00-де басталады.
БАҚ өкілдерін Қазақстан - Молдова матчына аккредиттеуге өтініш 27 қыркүйек күні 15:00-ге дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Ал Қазақстан - Фарер аралдарына аккредиттеу 21 қыркүйекте ашылады.
Аккредитация әр журналистке жеке беріледі. Сондықтан әр БАҚ өкілі 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті портреттік фотосын қоса жіберуі керек. Өтінімді әр журналист kff.kz сайтындағы аккредитация бөлімі арқылы жеке-жеке толтырады.
Аккредитацияға өтінімді қалай беру керек
1. Іс-шараны таңдау (қай матчқа/шараға аккредитацияға өтінім беріп жатқаныңызды көрсету);
2. Аты-жөні (А.Т.Ә.);
3. Электрон поштасы;
4. Телефон нөмірі;
5. БАҚ атауы;
6. Аккредитация түрін таңдау (журналист немесе фотограф);
7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпаратты сілтемесімен бірге көрсету;
8. Құжаттарды жүктеу: жеке куәлік, 3х4 фото, редакциялық хат (фирмалық бланкіде бас редактордың немесе басшының мөрі мен қолы қойылған).
Жоғарыда көрсетілген талапқа сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қабылданбайды.
Аккредитациялық бейдждер Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында (Тұран даңғылы, 48) матч алдындағы іс-шара кезінде ғана беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аккредитациялық бейдждерді үшінші тұлғаларға беру жағдайлары жиі кездескендіктен, фирмалық бланкіде мөрі мен бас редактордың немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат міндетті түрде болуы тиіс! Мұндай хатсыз өтінімдер қабылданбайды!
Әрбір редакцияға үш аккредитациялық бейджден артық берілмейді (екі тілші, бір фотограф/оператор).
Баспасөз өкілдеріне арналған жерде орын саны шектеулі, сәйкесінше аккредитациялар да сондай болады. Жіберілген өтінімдер қаралып, қосымша бекітіледі. Бұл туралы қосымша хабарланады.
УЕФА регламентіне сәйкес, телехабар таратушы, ұлттық ассоциацияның операторы немесе команданың техникалық операторы болмаса, басқа БАҚ өкілдеріне матч кезінде бейнетүсірілім жасауға қатаң тыйым салынады.
Байланыс: press@kff.kz WhatsApp: +7 705 402 2123