Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турнирінде Сербияға есе жіберді

Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турнирінде Сербияға есе жіберді

16 қыркүйек 2026, 19:30
Қазақстан U-15 құрамасы УЕФА Даму турнирінде Сербияға есе жіберді
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирінің алаң иелері – Сербия құрамасына 3:2 есебімен жол берді.

Әнуар Жағыппардың шәкірттері екі допты да бірінші таймда соқты. Матчтың 7-минутында жартылай қорғаушы Артем Тян есеп ашса, 29-минутында шабуылшы Абылай Тұрсын қазақстандық ұжымның басымдығын арттырды. Дегенмен, екінші таймда Сербия құрамасы таразы басын теңестіріп, кейін жеңіс голын соғып кетті.

УЕФА Даму турнирі аясындағы соңғы кездесуін Қазақстан U-15 құрамасы 19 қыркүйекте Ресей командасына қарсы өткізеді.

Сербия U-15 – Қазақстан U-15 – 3:2 (0:2)

Голдар: Тян 7 (0:1), Тұрсын 29 (0:2)

Аға бапкер: Әнуар Жағыппар

16.09.2026. Стара Пазова, Сербия.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы