Қазақстан Әуесқой Лигасы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды

Қазақстан Әуесқой Лигасы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды

18 қыркүйек 2026, 21:40
Қазақстан Әуесқой Лигасы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды
Өскемен қаласында әуесқой командалар арасындағы Қазақстан чемпионаты – «Қазақстан Әуесқой Лигасының» финалдық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе қорытындысы бойынша командалар чемпиондық атақ үшін күресін жалғастыратын топтардың құрамы анықталды.

Турнирдің финалдық кезеңі 19 қыркүйекте Өскемен қаласында басталады. Матчтар «Восток» стадионында және оның қосалқы алаңында өтеді.

Қазақстан чемпионы атағы үшін республика өңірлерінің атынан сынға түсетін елдің үздік әуесқой командалары бақ сынайды.

Финалдық кезеңге жолдама алған командалар:

BKS (Алматы облысы), Zhelayev Nan (Батыс Қазақстан облысы), NDFZ (Жамбыл облысы), Bairam (Алматы облысы), Fusion (Батыс Қазақстан облысы), Sayran Oskemen (Шығыс Қазақстан облысы), DN Motors (Алматы қаласы), Qarmet (Қарағанды облысы), «Мұнайшы» (Павлодар облысы), KaspiNet (Шымкент қаласы), BARQY (Абай облысы), KSK Football Team (Қостанай облысы), «Қазалы» (Қызылорда облысы), Pronet (Ақтөбе облысы).

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары
Jankúier қосымшасы